Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды

Астанада жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды. 

Астана қаласының әкімдігі

Астана, NEGE. Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Оқу орнын бітіргеннен кейінгі 4 жыл көлемінде өмірінің соңына дейін Астана қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясында еңбек етті. Жас болса да, кәсіби адалдығымен көзге түскен және шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маманға айналды. Ұлдана Қалдарханқызының туған-туыстарына, анасына, жақындарына, жұбайына, жедел жәрдем қызметкерлері ұжымына Қазақстандағы медицина саласында жұмыс істеп жүрген 300 мыңнан аса қызметкердің атынан, өз атымнан қайғырып, көңіл айтамын», – деді министр.

Астана қаласының әкімдігі

Ұлдана Мырзуан 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде білім алып, оқу орнын үздік дипломмен бітірген. Сол колледжде Ұлдананың атындағы арнайы аудитория ашылады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?