Астанада Ердоған мен Путиннің келіссөздері басталды

Астанада ШЫҰ саммиті аясында Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның келіссөздері басталды.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Кездесу барысында екі тарапты да қызықтыратын мәселелер талқыланбақ. Ердоған Путинмен Түркияның Синоп қаласында екінші атом электр станциясының құрылысын талқылағысы келетінін айтты.

Кездесу Ritz Carlton қонақ үйіндегі мәжіліс залында өтеді.

Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздердің ұзаққа созылатынын болжанып, екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ Сирия мен Украинадағы жағдай туралы сөйлесетінін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?