Астанада ер адам мас күйде телефон ұрлаған

Астанада полицейлер күндізгі уақытта тұрақта тұрған ГАЗель көлігінен телефон ұрлау дерегін ашты.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметіне сәйкес, 32 жастағы ер адам алкогольдік мас күйде көшеде келе жатып, есігі ашық тұрған автокөліктің алдыңғы орындығында қуаттауға қойылған телефонды байқап қалған. Көлікте дабыл жүйесі болмаған. Күдікті бұл мүмкіндікті жіберіп алмауды жөн көріп, телефонды алып, оқиға орнынан жасырынып кеткен.

Салдарынан көлік иесіне 50 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер оның жеке басын жедел анықтап, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұстады

Қазір оқып жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады