Астанада ер адам көпірден секіріп кетті
Оқиға бүгін, 28 мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы көпірде болған.
Астана, NEGE. Әлеуметтік желілерде көпір маңында жиналып тұрған адамдар мен жедел жәрдем қызметкерлерінің алғашқы көмек көрсетіп жатқаны түсірілген видео жарияланды.
Қалалық полиция қызметі өкілдері суицид жасау әрекеті болғанын растады.
«Зардап шеккен адам жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство өкілдері өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.