Астанада ер адам итті көлікпен сүйреген

Желіде итті көлікпен сүйреп бара жатқан тұрғынның видеосы тарады.

Видеодан кадр/astanovka98

Астана, NEGE. Telegram-дағы Astanovka 98 арнасының жазуынша, бұл оқиға 29 қаңтар күні түскі уақытта Арнайы ХҚКО аялдамасы маңында болған. Видеоны куәгерлер түсіріп алған. Бірақ жүргізушінің жануарды қанша жер және қанше уақыт сүйреткені белгісіз.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, итті көлікпен сүйреген 41 жастағы ер адам анықталған. Ол үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Иттің иесі бұл әрекетін жануарды осы тәсілмен серуендеткенін және ең төменгі жылдамдықпен жүргенін айтып түсіндірген.

Оның айтуынша, жануар әрі қарай жүруден бас тартқан соң ол итті көліктің жүксалғышына салып алған.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?