Астанада екі қабатты дәмханада өрт шықты

Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысындағы екі қабатты дәмханада өрт шықты. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 27 маусым күні кешкісін Алматы ауданында тіркелді. От бильярд орналасқан бөлмеден тұтанған. Хабар түскен соң құтқарушылар шұғыл жетіп, үш сатылы құтқару баспалдағының көмегімен шатырда қалып қойған екі қызметкерді аман-есен эвакуациялаған.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр», – делінген министрлік мәліметінде.

Өрт кезінде қоғамдық тамақтану орнының қонақтары өз бетімен сыртқа шығып үлгерген.Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтап жатыр.

Жағдайға байланысты ТЖМ ескертуі:

  • Дәмхана, мейрамхана, ойын-сауық орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау міндетті
  • Электр жабдықтарын техникалық тексерістен уақытылы өткізу керек
  • Төтенше жағдай туындағанда, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды