Астанада демалыс күндері ет жәрмеңкесі өтеді

Астанада жұртшылыққа қолжетімді бағамен сапалы ауылшаруашылық өнімдерін ұсыну мақсатында демалыс күндері дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді.

gov.kz

Астана, NEGE. Жәрмеңке 13–14 желтоқсан күндері сағат 10:00–19:00 аралығында Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы Keryen Joly сауда орталығының автотұрағында өтеді.

Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарынан келген шаруалар өз өнімдерін ұсынады.

Қала қонақтары мен тұрғындары ет өнімдерімен қатар көкөніс, жеміс-жидек, сүт және ұн өнімдерін, шырын, тосап сияқты тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Шара өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты