Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

Елордада 7-8 тамыз күндері қозғалыс қарқыны жоғары Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 7-8 тамызы аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады». 

Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Астана әкімдігі

Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағдарды алдын ала жоспарлауды және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.