Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанадағы Қонаев көшесіндегі Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан сегіз чемодан мен долларға ұқсас банкноттар табылды.

Nege

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жөнінде полицияға «102» арнасы арқылы хабар түскен. Оқиға орнына полиция жасағы жеткен.

Желіде тараған видеодан тротуарға шашылған банкноттар мен олардың жанында жатқан сөмкелер мен чемодандарды аңғаруға болады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі редакцияға оқиға орнында ұстау шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізгенін хабарлады. Осыған байланысты редакция ҰҚК-ге ресми сауал жолдады.