Астанада бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі

Елордада Улы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шектеу 15–26 тамыз аралығында инженерлік желілерді жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Бұл уақытта су құбыры, тұрмыстық және нөсерлі кәріз жүйесіне қосу жұмыстары атқарылады.

Көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, екі бағытта да жолдың бір жағымен жүруге рұқсат беріледі.

Әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарына кептелістерді болдырмау үшін алдын ала жүретін бағытын жоспарлауға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды