Астанада барлық әуе рейсі уақытша тоқтатылды

Астанадағы әуежай екі сағатқа жабылды, деп хабарлады елордалық әуе айлағының баспасөз қызметі.

Shutterstock/FOTODOM

Алматы, NEGE. "Бүгін сағат 16:00-де Токиодан Цюрихке 777-300ER бортында ұшқан Svr 161 Swissair авиакомпаниясының рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсультке күдіктенуіне байланысты шұғыл қонуға шешім қабылдады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ұшақ 16:00-де сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен жолақтан сырғып кеткен. Салдарынан сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын орындау үшін дабыл жарияланған. Сағат 16:00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кетті."

Астана әуежайы барлық рейс үшін екі сағатқа уақытша жабылды. Салдарынан тұрақты рейстер кестедегі уақытынан кешігуі мүмкін. Біз жолаушыларымыздан болуы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп хабарлады әуежайдағылар.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты