Астанада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Елордада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығын келтірген алтын бұйымдар ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні ұстаған.

Белгілі болғандай, үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде, күтуші үй иесінің зергерлік (алтын сырғалар, сақина және гауһар білезік) бұйымдарын жымқырып үлгерген. Үй, қожайындарының оралуын күткеннен кейін, ол лезде пәтерден шығып ізін суытқан.

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Үкіметте әкімдіктерден ТКШ саласындағы «қызыл аймақты» толық жою талап етілді

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін