Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

Астанада 27 жастағы әйел мен екі жастағы бала қаза тапты.

видеодан алынған үзінді

Астана, NEGE. Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секірген. Құлаған кезде ішінде екі жастағы бала отырған арбаның үстіне түскен.

Әйел оқиға орнында көз жұмды. Бала да алған жарақатынан қайтыс болды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.