Астанада автобус жолдан шығып кетті: 14 адам ауруханаға жеткізілді

Жол-көлік оқиғасы Қабанбай батыр даңғылында болған. Белгілі болғандай, бұл автобус қалаішілік маршруттарға қызмет көрсетпейді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апатынан барлығы 14 адам зардап шеккен. Олардың бәрі елорданың көпсалалы стационарларына, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілген.

– Қабылдау бөлімінде олардың барлығы бейінді мамандардың тексеруінен өтті. Кейбір зардап шеккендер амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары әлі де тексеруден өтіп жатыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттармен түсті, – деп атап өтті басқармада.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді