Астанада автобөлшектер сату туралы өтірік жарнама беріп, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды

Кінәлі азаматша «Коlesа.kz» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE.Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.

Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды