Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты басталды

4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша Азия чемпионаты өтуде. Жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирге Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және өзге де Азияның 25 мемлекетінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 36 спортшыдан құралған құрама бақ сынауда. Бұл – чемпионатқа қатысып жатқан барлық елдер арасындағы ең ірі делегация.

Жарыс Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ережелеріне сәйкес өтеді. 17 мен 20 жас аралығындағы спортшылар жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыс бойынша сынға түседі.

Көрермендер үшін кіру тегін.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты