Астанада әріптестерін алдап, баласының «еміне» 2 млн теңге жинаған әйелге үкім шықты

Астана тұрғынына қатысты алаяқтық бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бас прокуратураның мәліметінше, декреттік демалыстағы әйел анасы қайтыс болғанын және баласының ауыр халде жатқанын айтып, әріптестерін бір жыл бойы алдап келген. Оның сөзіне сеніп қалған әріптестері баланың еміне деп ақша аударып отырған.

«Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот әйелдің кінәсін мойындауын және залалды ішінара өтеуін ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеу арқылы бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады