Астанада арбамен серуендеп жүрген төрт баланың анасы есірткі жарнамалаған

Астанада полицейлер балалар арбасымен қаланы аралап жүріп, есірткі тасымалдайтын курьерлер мен дропперлердің жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар жапсырмаларды жапсырған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазды Sputnik. 

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған.

Жедел іздестіру шараларынан кейін әйелді ұсталды.Белгілі болғандай, ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алды.Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.

Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді