Астанада алтын ұрлаған күдікті қолға түсті

Астанада тұрғынның алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

gov.kz

Алматы, NEGE. Астана тұрғыны алтын жүзіктері ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Оның айтуынша, үйіне қонаққа келген жақын танысы арызданушының көзден таса болғанын пайдаланып, шкафтың ішінен екі алтын жүзікті ұрлаған.

Кейін жүзіктерінің жоғалғанын түсінген қала тұрғыны Алматы ауданы полиция басқармасына шағымданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында 33 жастағы жас әйелдің қылмысқа қатысты екенін анықтады.

Сақшылар бір алтын жүзікті күдіктіден тәркіледі, енді біреуін ол жоқ қылған. Жәбірленуші 350 мың теңгеге жуық шығынға батты.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?