24 апреля 2025 г. 9:25

Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Фото: Полиция

Астанада Әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті.

Алматы, NEGE. Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен», - делінген полицияның хабарламасында.

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.