Астанада алты шетелдік адам ұрлаған

Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматына қатысты адам ұрлау және өз бетінше билік ету баптарымен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

ortcom.kz

Астана, NEGE. Қалалық прокуратураның мәлімдеуінше, 2024 жылғы 9 желтоқсанда шетелдіктердің бірі жәбірленушіден орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, күш қолданып, оны 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.

«Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен», – делінген хабарламада.

Адам ұрлаған шетелдіктерге қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі биыл 5 ақпанда шыққан. Олардың бесеуі адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың бір қатысушысы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»