Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Елордада Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған. Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді.

Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін.

Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамалды.

Қазір оқып жатыр

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?