Астанада абаттандырылған аулалар ашылды

Астанада қала күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы мен 3 қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Астана әкімдігінің ресми сайты

Алматы, NEGE. Абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесінде 8, 10, 12, мен 12/1 үйлер. Барлығы "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылды.

"Соның нәтижесінде 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды, сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды. Аталған аула кешенінің ашылуы Астана күніне орай салтанатты түрде аталып өтті", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде Байқоңыр ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды

Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік ашылды. Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді