Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді.

Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр. Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон.

Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды