Астанада 6 қабатты жатақхана өртенді

Бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шықты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансардалық 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 ш.м. алаңда толығымен сөндірілді.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр