Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті

Елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты жиын өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Басқосуға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабасынов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев, сондай-ақ федерация президенттері мен бас жаттықтырушылар қатысты.

Отырыста 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және ұлттық құрама спортшыларының дайындығы сөз болды.

«Биыл елімізде өтетін ірі додалардың бірі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екені белгілі. Дүбірлі доданың басталуына да санаулы күндер қалды. Ойындарға әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатыспақ. Сондықтан көшпенділер бәсекесін абыроймен өткізуге бар күшімізді жұмсау керек», — деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы - қазақтың ұлттық ойындары.

Федерация басшылары мен бас жаттықтырушылар спортшыларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екенін және дүбірлі додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты