17 августа 2024 г. 17:52

Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті

Фото: pixabay

Астанада 34 жастағы құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлады Almaty.tv телеарнасы.

Алматы, NEGE. Оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Зардап шеккен азаматтың миы шайқалған, өкпесі мен сол жақ бүйрегі қатты соққы алған. Жедел жәрдем көлігімен аурухана жеткізілген бетте оған ота жасалған. Қазір жарақат алған құрылысшы жансақтау бөлімінде жатыр.

– Жетінші қабат деңгейіндегі биіктіктен құлаған 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ер адамның миы, екі өкпесі және сол жақ бүйрегі жарақаттанған. Оның үстіне қабырғалары сынған. Жағдайы ауыр деп бағаланады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Айжан Ақай.