Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Ішкі істер министрлігі елорданың 15 жастағы тұрғыны Қамбар Мәлібекке іздеу жариялады.

Ішкі істер министрлігі

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Белгілері: бойы – шамамен 160–165 см. Дене бітімі – орташа. Киімі – қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім», – делінген хабарламада.

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» желісіне шұғыл хабарлауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды