2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлікпен тегін қатынауға болады

Республикалық референдум өтетін 15 наурыз күні елордада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады.

Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Осындай науқан Алматы, Шымкент қалаларында да жарияланды.