Астанада 15-қабаттан құлаған сәби қаза тапты

Астанада қайғылы оқиға тіркелді – сәби 15-қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 8 сәуір күні болған. Полиция мәліметінше, сәби ас үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Бұл – 2025 жылы елордада тіркелген 8-ші осындай оқиға. Оның үшеуі балалардың өлімімен аяқталған.

Бұған дейін, 27 наурызда, үш жасар бала екінші қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Алдын ала дерекке сүйенсек, анасы балаларын пәтерде жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.

Полиция ата-аналарға үндеу жасады.

«Мұндай оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың балаларға жеткілікті назар аудармауы және үй ішіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары ата-аналарға келесі ережелерді есте сақтауды ескертеді:

  • Балаларды тіпті аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз;
  • Терезе маңында балалардың ойнауына жол бермеңіз;
  • Маскит торларына сенбеңіз – олар қорғаныс құралы емес;
  • Терезелерге арнайы блокираторлар орнатыңыз;
  • Балаларға ашық терезе мен балконның қауіптілігі туралы үнемі түсіндіріп отырыңыз.

Полиция ата-аналар мен қамқоршылардың баланың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабыбойынша әкімшілік жаза қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті