Астанада 10G желісінің тестілеу нәтижесі жарияланды

Астана қаласы әкімдігі 10G желісін сынақтан өткізудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәліметке сәйкес, тексеріс желінің жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығын растады. Оптикалық байланыс арқылы жүргізілген өлшеу кезінде жүктеу жылдамдығы 9500 Мбит/с, ал кері жүктеу 9400 Мбит/с деңгейінде тіркелген.

Speedtest сервисі арқылы алынған нәтижелерге сүйенсек, Steam платформасынан көлемі 11 гигабайт болатын қосымша небәрі 30 секундта жүктелген. Желінің көп арналы жүктеу кезінде де тұрақтылығы байқалды.

— Қазіргі кезеңде мамандар елеулі техникалық немесе ұйымдастырушылық кедергілер анықтамады. Дегенмен 10G желісінің толыққанды жұмыс істеуі үшін тиісті инфрақұрылым қажет, деректерді жоғары жылдамдықта жеткізуді қамтамасыз ететін оптикалық кабельдер мен жабдықтар болуы шарт, – делінген әкімдік жауабында.

Әкімдік өкілдері қазіргі құрылғылардың барлығы мұндай желімен жұмыс істей алмайтынын атап өтті. Байланыс операторларына да жабдықтарының бір бөлігін жаңғырту қажет болады.

Бүгінде технология пилоттық режимде сынақтан өтуде. Ол бірнеше айға созылуы мүмкін. Нәтижесінде тест аймағын кеңейту мерзімі мен кезеңдері анықталады.

Жоспарға сәйкес, Астананың аудандары, ірі нысандар мен бизнес-орталықтар жетекші байланыс операторларының қатысуымен кезең-кезеңімен қосылады. Әкімдікте басқа да технологиялық серіктестермен қосымша пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?