Astana WTA: Путинцева жартылай финалға шықты

Әлемнің 47-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Алматы, NEGE. Осы доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Анастасия Гасановамен кездесті.

Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен басымдылық көрсетті.

Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда Юлия Путинцева Гасанованы тас-талқан етті - 6:0.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 2 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың сегізін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейктен аса алмады.

Ю.Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, тағы бір ресейлік Анастасия Потапова немесе одан алты сатыға төмен тұрған швециялық Ребекка Петерсонның біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады