«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италия» жарысында мәре сызығын 11-ші болып кесті

Велобәйгенің он бесінші кезеңі мәресіне жетті.

Алматы, NEGE. Көпкүндік «Джиро д’Италия» велобәйгесінің 15-кезеңі мәресіне жетті. Бұл жолы пелотон таулы аймақта 177 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған кезеңде «Trek-Segafredo» командасында сынға түсетін италиялық Джулио Чикконе жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші көрсеткіш «Bahrain-Victorious» сапынан колумбиялық Сантьяго Буитраго еншісіне бұйырса, үздік үштікті «Movistar» сапынан Антонио Педреро түйіндеді.

Ал «Астана» сапынан Фабио Феллине мәре сызығын он бірінші болып қиды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Нұр-Сұлтанда өтетін веложарыс 28 мамырға ауыстырылды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды