«Астана» велокомандасы Италияға аттанды
«Астана Пр Тим» командасы әлемдік «Тиррено-Адриатико» көпкүндігіне қатысады.
Алматы, NEGE. Аталған веложарыс 7-14 қыркүйек күндері Италияда өтеді.
Жеті күнге созылатын бәсекеге «Астана Про Тим» сапынан Якоб Фульсанг, Александр Власов, Алекс Аранбуру, Юрий Натаров, Фабио Феллине, Оскар Родригес және Мануэле Боаро қатысады. Жарыстың спорт директоры Александр Шефер мен Бруно Ченьялта болмақ.