Астана тұрғыны ойнап жүрген баланың сөмкесінен телефон ұрлап кеткен

Астана тұрғыны ойнап жүрген баланың сөмкесінен телефон жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу оның 9 жасар ұлының OPPO телефоны ұрланғанын айтып, 120 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін жеткізген. Полицейлер жасөспірімдердің рюкзактарын көгалға тастап, ойын алаңында алаңсыз ойнағанын анықтады.

Осы кезде балалардың ойынға айналған сәтін күткен ер адам баланың сөмкесіндегі телефонын алып, қашып кеткені белгілі болған. Балалар үйлеріне қайтпақ болған кезде олардың бірі телефонының жоғалғанын байқап, бірден ата-анасына хабарлаған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады