Астана тұрғыны манекендегі күртешені киіп кеткен

Астана тұрғыны манекендегі күртешені киіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Сарыарқа аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы елорда тұрғынын сауда орталығында ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу барысында жас жігіттің сауда орталығында сатушының бутиктің ішінде екенін көріп, сыртында орналасқан сыртқы киімдері бар манекендердің оған көрінбейтін жерде тұрғандығын пайдаланып, манекеннен құны 30 мың теңге тұратын жаңа күртешені киіп, сауда орнынан кетіп қалғаны анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады