Астана полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істейді: Қалаға блокбекеттер қойылып жатыр

Полиция бақылауды күшейтіп, Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын, Астраханка бағыттарынан және әуежайдан кіреберіске 7 блокбекет қойылды.

Алматы, NEGE. «31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр»,  делінген хабарламада.

Оған шет мемлекеттер басшылары қатысатын ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өтуі себеп болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады