«Астана Опера» Біріккен Араб Әмірліктеріне гастрольдік сапармен барды

Мемлекеттік опера және балет театрының әртістері «Dubai Festival Chorus» шығармашылық ұжымымен бірге Гендельдің «Мессия» ораториясын сахналады

, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Отандық өнерпаздар мұнымен шектелмей, Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін көрермен назарына ұсынды.

Маридің партиясын Айгерім Бекетаева, Мәдина Өнербаева және солист Шұғыла Әдепхан орындап шықты. Щелкунчик-Ханзада ролінде Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев және Данияр Жұматаев ойнады.

«Әрбір картина өткен сайын ду қол шапалақпен қошеметтеп жатыр. Біздің театр бұл спектакльмен Испания, Италия елдерінде болған. Біз қазір Дубай операда өнер көрсетіп жатырмыз. Бұл Дубай операда өнер көрсетуіміз – біз үшін маңызы зор, үлкен мәртебе»,– деді «Астана Опера» театрының балет солисі Диас Құрманғазы.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?