Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды

Елордада Astana Open ATP 250 турнирі мәреге жетті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жекелей сында финалда әлемнің 65-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт пен дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Ву бас жүлдені сарапқа салды. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта оңтүстіккореялық теннисші қарсыласын 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтты. Өз спорттық жолында айтулы табысына қол жеткізген Квон Сун Ву бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнтттың екеуін мүлт жіберген жоқ.

Қарсыласы 10 эйс жасағанымен, 1 брейкпен шектелді. Жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтени жеңімпаз атанды. Олар соңғы бәсекеде Израиль өкілі Йонатан Эрлих пен белоруссиялық Андрей Василевскийді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. 

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады