Астана мен Челябинск арасында әуе рейсі ашылады
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынасты одан әрі жаңғыртып, ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Астана – Челябинск бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесін қарастырды.
Алматы, NEGE. Бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын Астана – Челябинск маршрутымен тұрақты жолаушылар рейстерін іске асыруды жоспарлап отыр.