«Астана» «Манчестер Юнайтедті» жеңді

Кеше Еуропа лигасының топтық кезең ойындарында «Астана» өз алаңында ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын жеңді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық жанкүйерлер жарады. Нұр-Сұлтандағы аязға және билеттің қымбаттығына қарамастан, стадион толы болды. «Сульшер тек жастарды әкелді» деген әңгіме гулегенімен, «Манчестер Юнайтедтің» екінші құрамасы да осал емес. Люк Шоу мен Джеси Лингард жастарды бастап келді.

Бірінші таймда Лингард «Астананың» қақпасына бір гол соқты. Қауіпті сәттер көп болғанымен, ойынның жартысы осылай аяқталды.

Екінші таймда «Астана» түлеп сала берді. 55-минутта Дмитрий Шомко гол соқса, он бір минуттан соң Антонио Рукавинаның пасын 19 жастағы Дишон Бернард автогол жасады. Сонымен, есеп – 2:1.

 «Манчестер Юнайтедтің» қожайындары бас бапкері Сульшерді қызметінен кетіру мәселесін талқылап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты