Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков қайда жүр?

Astana LRT ісіне қатысты күдікті Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені туралы ақпарат бар. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Бұл іс қазіргі уақытта сотта қаралып жатыр. Сотталушылар қатарында 7 адам бар, процесс жан-жақты хабарланып отыр. Екі тұлғаны, атап айтқанда Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздеу жалғасып жатыр. Оны халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізудеміз. Күдіктілердің жүрген жері туралы алдын ала ақпарат бар. Ол - алыс шетел. Интерпол елімізден тысқары жерде жасырынып жүрген күдіктілерді іздеп жатыр», - деді Сергей Перов агенттіктің алқа отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сотқа жолданғанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр