«Астана» командасының бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді

Бас бапкер Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді.

Алматы, NEGE. «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz. Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті. 

Қазақстан Республикасы чемпионатының XXV туры

  Қайрат – Астана  Көрермендерге қарсы дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Барсегян Т. ҚФФ және ҚКФЛ аясында бір айға барлық жарысқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.  Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін, «Fair Play» қағидаттарын бұзғаны үшін, ойыншылар матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кеткені, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ҚКФЛ жетекшілігімен өтетін барлық жарыстан жиырма төрт айға шеттетілсін. Шектеу кезеңі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі..

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр