Астана әуежайында бірқатар рейстер кешігіп жатыр

Азаматтық авиация Астана қаласының әуежайынан/әуежайына рейстердің кешігуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Астана әуежайынан ұшуға 84 рейс жоспарланған, 38 рейс кешіктірілді.

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында сағат 00-00-ден 08-00-ге дейінгі аралықта ұшуға 39 рейс жоспарланған, оның 22-сі кешігумен ұшып, 17-сі кешігуде.

Сағат 09-30-дан 12-00-ге дейін Астана әуежайы ауа-райының нашарлауына және тұрақ орындарының шектелуіне байланысты әуе кемелерін қабылдауға жабылды. Барлығы 64 тұрақ бар.

Астана әуежайы аймағында нақты болжам бойынша жел 18 м/с, екпіні 23 м/с дейін, көріну 100-150 м, боран. Әуе кемелерін мұзға қарсы өңдеуді жүргізу желдің жылдамдығы 15 м/с дейін, көріну 800 м-ден астам, сондай-ақ жауын-шашын болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. 

Қазіргі уақытта қолайсыз метеожағдайлар және тұрақ орындарының болмауына байланысты Астана әуежайынан/әуежайына 10 рейс ұшуға және 20 рейс ұшып келуге кешігуде.

КС 7208 FlyArystan Астана-Атырау
КС 7054 FlyArystan Астана-Алматы
КС 7365 FlyArystan Астана-Орал
FZ 1308 Fly Dubai Астана-Дубай
IQ 429 Qazaq Air Астана-Талдықорған
DV 1704 SCAT Астана-Алматы
DV 783 SCAT Астана-Өскемен
DV 716 SCAT Астана-Шымкент
DV 714 SCAT Астана-Алматы
КС 7367 FlyArystan Астана-Орал
КС 851 Air Astana Алматы-Астана
DV 742 SCAT Ақтау-Астана
DV 756 SCAT Тараз Астана
КС 7368 FlyArystan Орал-Астана
CZ 6013 China Southern Үрімші-Астана
КС 7051 FlyArystan Алматы-Астана
КС 7053 FlyArystan Алматы-Астана
DV1703 SCAT Алматы-Астана
IQ408 Qazaq Air Шымкент-Астана
DV715 SCAT Шымкент-Астана
КС 7366 FlyArystan Орал-Астана
X982 Air Astana Атырау-Астана
IQ430 Qazaq Air Талдықорған-Астана
DV784 SCAT Өскемен-Астана
KC208 Air Astana Дубай-Астана
DV743 SCAT Алматы-Астана
IQ354 Qazaq Air Алматы-Астана
IG368 Qazaq Air Қостанай-Астана
DV735 SCAT Шымкент-Астана
IQ522 Qazaq Air Омск-Астана

Жолаушыларға әуекомпанияның анықтамалық қызметтерінде, әуежай қосымшаларында және қызметтерінде рейс мәртебесін нақтылау ұсынылады.
Жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметтер, оның ішінде рейстің ұшуын 2 сағаттан астам күткен кезде сусындар, 4 сағаттан астам - ыстық тамақ, 8 сағаттан астам - қонақүйде орналастыру ұсынылады. Ауа райының жақсаруына байланысты рейстердің ұшу-қонуы орындалатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді