Астана әуежайында 19 рейс кешігіп жатыр

Елорданың Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен, кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған.

Қазіргі кезде ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін – 6 рейс кешігіп жатыр.

Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.

Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан (8 7172 702 999), сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.