Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Елорда әуежайы маңында болған өрт оның қызметіне әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген комитеттің хабарламасында.
Бұған дейін Астана әуежайы маңында қамыс өртеніп жатқаны хабарланған болатын.