«Астана Аренаның» ақшасын кім жеді?

Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет және спорт басқармасының бастығы Нұрлан Сыдықов «жемқорлық жасауы мүмкін» деген күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Естеріңізде болса, жыл басында елордадағы «Астана Арена» стадионына күрделі жөндеу жүргізіліп, жасанды төсеніші жаңаланатыны айтылған. Бұдан бөлек тағы бір стадион жөнделетіні сөз болды. Алайда стадиондардың жөндеу жұмысы сол күйі аяқталған жоқ. Дереккөздің хабарлауынша, аяқталмаған құрылысты қабылдап алған шенді 100 млн теңге тендер қаржысының 10 пайызын «откат» ретінде алған болуы мүмкін.

Н.Сыдықов

Тергеу органы Нұрлан Сыдықовты «екі спорт нышанын жөндеуге бөлінген қаржының бір бөлігін жымқырды» деп айыптап отыр. Шендінің ұсталуына байланысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі әзірге түсініктеме берген жоқ. 

Нұрлан Сыдықовтың мамандығы журналист. Әр жылдары «Қазақстанның жастар конгресін», Алматы қалалық әкімдігінің жастар саясаты, ішкі саясат және мәдениет басқармасына жетекшілік етті. Өткен жылдың тамызынан Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды