«Астана Арена» стадионының төбесі матч кезінде опырылып түсті
Қазақстан премьер-лигасының бірінші туры матчы кезінде стадион төбесінің бір бөлігі опырылып түсті.
Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда «Астана Арена» стадионында матч кезінде күтпеген жағдай болды. Алаңда «Астана» мен «Шахтер» командалары ойнап жатқан.
«Стадионда болғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Күзет қызметі елордалық команданың белсенді фанаттары отырған сектордан барлық жанкүйерді шығарды», – деп жазды Sports.kz sportsru_kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Айта кетері, матч тең аяқталды, қос команда да гол соқпады.