Астана әкімі үндеу жасады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының күрт өзгеруіне байланысты

инстаграмдағы ресми парақшасы арқылы қала тұрғындарына үндеу жасады.

Алматы, NEGE. Әкімнің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде. Олар түннен бері жұмыс істеп жатыр.

 «Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді», - деп ескертті Астана әкімі.

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін елордалық полицейлер 5 желтоқсанға қараған түні Астанада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған еді. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада мектеп оқушылары бүгін қашықтан оқитын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді