Астана әкімі «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желі парақшасында хабарлады.
Астана, NEGE. Елді мекендерде негізгі мәселелер талқыланды. Олар: инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, жарықтандыру жүргізу ісіне және тағы басқаларына қатысты. Сол сияқты тұрғындар сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша сұрақтар қойды.
«Сонымен жазда қосымша ауыз су станциясын (ССС-3) іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қосымша күш беретін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері нысандарының бірқатарының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл 11 мектеп (14-і салынып жатыр), 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер тапсырамыз, сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткіземіз, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша салынады және соол сияқты бірнеше жұмыстарды атқаратын боламыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер шешілетіні айтылды. Әкімдік қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен іске асыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте әкімдерге халықпен бірге тығыз жұмыс істеп, елдімекендерді аралап, мән-жайды өз көзімен көру керектігін айтқан болатын.